Алакөл туристік аймағын дамыту үшін қанша қаржы бөлінді

Almaty.tv
Almaty.tv

Облыстағы туризм саласының өзекті мәселелері талқыланды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Семейде облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен туризм саласының өзекті мәселелеріне арналған жиын өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оған облыстық басқармалар, кәсіпкерлер палатасы, туристік компаниялар мен демалыс орындарының өкілдері қатысты.

«Туризм – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды бағыттарының бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы халыққа арнаған Жолдауында осы салаға айрықша назар аударғаны белгілі. Президенттің тапсырмасына сәйкес облыс әкімдігі биыл Алакөлге ерекше көңіл бөлді. Наурыз айынан бастап өзім бірнеше рет барып, көшпелі жиындар өткіздім. Жағалауға 2018 жылдан бері жөндеу жүргізілмегенін ескере отырып, облыстық бюджеттен 658 млн теңге бөлдік. Туризмді дамытуда кәсіпкерлердің рөлі айрықша. Бұл сала сіздердің қолдауларыңызсыз дамымайды. Сол себепті бүгін сіздермен арнайы кездесіп, өзекті мәселелерді бірге талқылап, шешу жолдарын қарастыруды жөн көрдім» деді аймақ басшысы.

Жиында облыстық туризм басқармасының басшысы Марат Қабақов өңірдегі туризм, Алакөл туристік аймағын дамыту жоспарлары туралы баяндады.

Абай облысында туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлініп, Алакөл жағалауын абаттандыру бағытында ауқымды жұмыс жүргізілуде. Көл жағалауындағы инфрақұрылымды нығайту үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, арбатты жөндеу, жаңа қоғамдық кеңістік құру, көшелерді орташа жөндеу, пирстер орнату және жағалауды санитарлық тазалау жұмыстары атқарылды.

Сонымен қатар 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасы әзірленіп, жалпы құны 8,4 млрд теңге болатын жобалар жоспарға енгізілді. Олардың қатарында жаңа электр желісі, қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны, тазарту құрылыстары, құтқару станциясы мен өрт сөндіру депосының құрылысы бар.

Оқи отырыңыз: Елімізде бірқатар дәрі-дәрмек бағасы арзандауы мүмкін

Новости партнеров