Алакөлде катер зейнеткерді қағып кетті

Қазіргі уақытта оқиға орнында құзырлы органдар тексеру жүргізіп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алакөл көлінде демалып жүрген 63 жастағы әйелді катер қағып, ол оқиға орнында қаза тапты. Әйел жағадан шамамен 100 метр қашықтықта жүзіп жүрген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Абай облысының Полиция департаменті ұсынған деректерге сәйкес, аталған фактіге байланысты көлік құралдарын, атап айтқанда, су көлігін басқару кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу бабымен (ҚР ҚК 344-бабы, 2-бөлігі) қылмыстық іс қозғалды.

Катерді басқарған жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаға байланысты қажетті сараптамалар тағайындалды, - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Қазіргі уақытта оқиға орнында құзырлы органдар тексеру жүргізіп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Айта кетейік, ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 2-бөлігі бойынша, адамның өліміне әкелген су көлігі құралдарын пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзғандарға 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Оқи отырыңыз: Қазақстан дрондарды таңбалап әкелу тәртібін енгізбекші

Новости партнеров