Алатау қаласына арнайы мәртебе берілді

26.09.2025 12:10
Видеодан кадр

Мемлекет басшысы Алатау қаласына арнаулы мәртебе беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп жазады Аlmaty.tv

Оның шеңберінде аталған аумақты дамытуға бағытталған Кеңес құрылады.  

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев жуырдағы жолдауында Алатау қаласы еліміздің жаңа іскерлік және инновациялық орталығы болуы тиіс екенін айтқан еді.

Сондай-ақ мұнда Smart City технологияларын қолданудан бастап, тауарлар мен қызмет ақысын криптовалютамен төлеуге дейінгі жаңашылдықтарды енгізу туралы пәрмен берген.