Синоптиктердің болжамы жарияланды
«Қазгидромет» мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен еліміздің жекелеген аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы және екпінді жел соғуы мүмкін, деп хабарлайды
Синоптиктердің мәліметінше, 11 тамызда солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Қазақстанның орталығы мен оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы басым болады.
Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі.
«Күндіз ауа температурасының негізгі фоны батыста және орталықта +27...+39°С, Қазақстанның солтүстік-батысы мен солтүстігінде +25...+35°С, шығысы мен оңтүстік-шығысында +30...+42°С, оңтүстігінде +37...+44°С болады», – делінген ауа райы болжамында.
Оқи отырыңыз: Алматыда 10-16 тамыз аралығында ауа райы қандай болады