Қар жаууы мүмкін: Алдағы күндері ауа райы қандай болады

Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, түнгі және таңғы сағаттарда тұман болады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Көктем келді деп қуануға асықпаңыз. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің бірқатар өңірінде қар жаууы мүмкін. Қазірдің өзінде ауа райы құбылып, кей аймақтарда жаңбыр жауып жатыр. Елдің қай аймақтарында күн суытады? Бұл сұраққа «Алматы» телеарнасының студия қонағы «Қазгидромет» мекемесінің баспасөз хатшысы Аружан Мұратова жауап береді.

«Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Әсіресе солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде тұрақсыз ауа райы байқалады. Жаңбыр жауып кей жерлерде қатты нөсер күтіледі».

– Мұндай тұрақсыз ауа райы қашанға дейін сақталады?

«Тұрақсыз ауа райы 9-11 сәуір аралығында сақталады. Осы кезеңде жаңбырмен қатар кей өңірлерде қарда жаууы мүмкін. Түнде солтүстік пен солтүстік-батыста жауын-шашын аралас болады. Ал 11 сәуірге қараған түні шығыста қар жауып, бұрқасын және көктайғақ күтіледі және сонымен қатар найзағай бұршақ екпінді жел тұман сияқты құбылыстар болжанып отыр. Ауа температурасы солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде төмендейді,  ал қалған аймақтарда көктемге тән жайлы деңгейде сақталады».

– Осы аралықта өрт қаупі күтіле ме? Егер күтілсе, қай өңірлерде?

«Қызылорда облысының шығысында, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, батысында, Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады».

Оқи отырыңыз: Алматыда 6-12 сәуір аралығында ауа райы қандай болады

Новости партнеров