Алдағы күндері ауа райы қандай болады

01.12.2025 13:18

Республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады

Depositphotos.com

Елдің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Елдің басым бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын болады. Республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.

Тек батыста, сондай-ақ 2–3 желтоқсанда республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында антициклон тарамының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Температуралық тыныста айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. 

Оқи отырыңыз: Алматыда 1-7 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болады