Бұл пойыздар қосымша 43 мың жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді
Жолаушылар тарапынан жоғары сұранысты қанағаттандыру мақсатында 2024 жылғы 13 желтоқсан мен 2025 жылғы 9 қаңтар аралығында қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстерінің саны артады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Ұлттық тасымалдаушы түрлі бағыт бойынша жүретін қосымша пойыздарды іске қосады. Бұл пойыздар қосымша 43 мың жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.
Қосымша рейстер келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылады:
№201/202 «Астана – Алматы» пойызы:
Астанадан: 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсанда және 1, 4 қаңтар 2025 жыл.
Алматыдан: 14, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсанжәне 2, 5 қаңтар 2025 жыл.
№203/204 «Астана – Шымкент» пойызы:
Астанадан: 13, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсан және 1, 4 қаңтар 2025 жыл.
Шымкенттен: 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсан және 2, 5 қаңтар 2025 жыл.
№205/206 «Ақтөбе – Астана» пойызы:
Ақтөбеден: 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсан және 1, 4 қаңтар 2025 жыл.
Астанадан: 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсан және 3, 6 қаңтар 2025 жыл.
Одан бөлек мереке күндері жоғары сұранысқа ие бағыттарға 688 қосымша вагон тіркеледі. Пойыздар стандартты купе және плацкарт вагондарынан құралады.
Аймақтар бойынша қосымша вагондар:
Солтүстік өңірі: 279 вагон – 12 188 орын.
Батыс өңірі: 298 вагон – 12 824 орын.
Оңтүстік өңірі: 96 вагон – 4 256 орын.
2024 жылғы 13 желтоқсаннан бастап қала маңы бағытында 6 вагон бойынша 3 қосымша электр пойызы іске қосылып, 1 123 қосымша орын қамтамасыз етіледі:
№7515/7516 «Астана – Бурабай курорты» күн сайын (сейсенбі және сәрсенбіден басқа).
№7553/6811–6812/7556 «Қарағанды – Астана – Боровое курорты» жұма, сенбі және жексенбі күндері.
№7509/6805–6806/7510 «Павлодар – Астана – Боровое курорты» аптасына екі рет: жұма және жексенбі күндері.
Қосымша пойыздар мен вагондар жолаушыларға қолжетімді орын санын едәуір арттырып, жайлы және қауіпсіз сапарды қамтамасыз етеді. Билеттер bilet.railways.kz сайтында және вокзалдардың билет кассаларында қолжетімді. Теміржол билеттерінің құны еш өзгеріссіз қала береді, тариф өспейді.
Әуе тасымалы:
Қазақстандық әуе компаниялары жолаушылар сұранысын қанағаттандыру үшін мереке қарсаңында және алдағы демалыс күндері әуе рейстері санын арттырады.
Мәселен, бүгінгі таңда 91 қосымша әуе рейсі іске қосылды, оның ішінде:
«SCAT» әуекомпаниясы 39 рейсті қосты.
– Астана - Алматы-Астана бағыттары бойынша + 16 рейс,
- Алматы-Шымкент + 10 рейс;
- Алматы-Мәскеу +7 рейс;
- Алматы - Жезқазған + 2 рейс;
- Алматы-Ақтөбе + 2 рейс;
- Астана-Шымкент + 1 рейс;
- Алматы-Өскемен +1 рейс.
«Эйр Астана» әуекомпаниясы 10 рейсті қосты:
- Астана-Алматы + 10 рейс;
Басқа бағыттар бойынша да рейстер санын арттыру мәселесі пысықталып жатыр.
«FlyArystan» 39 рейс қосты:
- Астана-Алматы + 9 рейс;
- Алматы-Шымкент + 3 рейс;
- Астана-Шымкент + 3 рейс;
- Алматы-Павлодар + 3 рейс;
- Алматы-Ақтөбе + 2 рейс;
- Алматы-Атырау + 2 рейс;
- Алматы-Орал + 2 рейс;
- Астана-Қостанай + 2 рейс;
- Астана-Орал + 2 рейс;
- Астана-Атырау +2 рейс;
- Астана-Қызылорда + 2 рейс;
- Астана-Түркістан + 2 рейс;
- Ақтау-Атырау +2 рейс;
- Алматы-Қызылорда + 1 рейс;
- Алматы-Қостанай + 1 рейс;
- Алматы-Қарағанды + 1 рейс;
- Астана-Ақтөбе +1 рейс;
«Qazaq Air» 3 рейс қосты:
- Астана-Ақтөбе-Астана +1 рейс;
- Астана-Шымкент-Астана +1 рейс;
- Астана – Қызылорда-Астана +1 рейс.
Ішкі бағыттар бойынша тариф көтерілмейді, өзгеріссіз қалады. Әуе билеттерінің құны нарықтық факторларға байланысты өзгеруі мүмкін. Билетті алдын ала сатып алған абзал.
Әуе компаниялар техникалық мүмкіндікті ескере отырып, мереке күндері рейстерді ұлғайту жұмысын әлі де жалғастырады.
Оқи отырыңыз: Тәуелсіздік күніне орай Алматы Халықаралық әуежайында туристерге сыйлық табысталады