Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

16.01.2026 21:48

Республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа райына оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттық бөліктер әсер етеді

Almaty.tv

Қазгидромет синоптиктері 17, 18 және 19 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Синоптиктер болжамы бойынша, демалыс күндері Сібір аумағында орналасқан орталығы бар кең ауқымды антициклон Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде аязды ауа райын сақтап тұрады. Ал республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа райына оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттық бөліктер әсер етеді.

Бұл өңірлерде жауын-шашын, бұрқасын, желдің дауылды деңгейге дейін күшеюі, сондай-ақ көктайғақ құбылыстары түріндегі қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Оқи отырыңыз: Алматыда 19-25 қаңтар аралығында ауа райы қандай болады