Республика бойынша көктайғақ, тұман және желдің күшеюі күтіледі
Суық антициклонның орнын оңтүстіктен келетін жылы циклон басып, соның әсерінен қар мен боран күтіледі, деп хабарлайды Almaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында және Ұлытау облысында 30–31 желтоқсанда жаңбыр аралас қар жауады. Ал Қазақстанның оңтүстігінде жаңбыр жауады. Республика бойынша көктайғақ, тұман және желдің күшеюі күтіледі.
30 желтоқсанда елдің солтүстігі мен орталығында, ал 30–31 желтоқсанда шығысында күндізгі ауа температурасы минус 2 градустан плюс 3 градусқа дейін көтеріледі. Ал оңтүстік өңірлерде 30–31 желтоқсанда ауа температурасы 5–15 градусқа дейін жылы болады.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда жолдарда тұздың орнына не қолданылады