Референдумға дейін:
1
күн
10
сағат
21
минут

Алдағы үш жылда Қазақстанда 32 мың шақырым жол жөнделеді

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Биыл 3700 шақырымнан астам жаңа теміржол желілері төселіп, пайдалануға беріледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөйлеген сөзінде еліміз үшін тағы бір маңызды міндет көлік-транзит саласына қатысты екенін жеткізді, деп хабарлайды  Almaty.tv.

- Біз еліміздің осы бағыттағы әлеуетін біртіндеп нығайта береміз. Бұл шаруа коммуналдық, энергетикалық және су саласындағы инфрақұрылымды жаңғырту жұмысымен қатар жүреді. Мысалы, былтыр 1500 шақырым темір жол салынып, жөндеуден өтті. Бұл да – рекордтық көрсеткіш. Биыл 3700 шақырымнан астам жаңа теміржол желілері төселіп, пайдалануға беріледі.

Қазіргі таңда жолаушылар үшін жаңа бағыттар ашылып, вагондар паркі жаңартылып жатыр. Сондай-ақ вокзалдар қайта жөндеуден өтуде. Себебі олар орташа есеппен алғанда 60 жылдан бері жұмыс істеп тұр. Тіпті, еліміздегі он вокзал осыдан бір ғасыр бұрын салынған. Жалпы, біз былтыр Қазақстандағы 124 вокзалды түгел жаңғырта бастадық. Бұл жұмыс осы жылдың соңына дейін аяқталады, - деп тоқталды Мемлекет басшысы.

Осылай деген Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай ауқымды бастаманың алғаш рет қолға алынғанын айтты.

- Алдыңғы жылы көптен күткен Астана – Алматы күре жолын жөндеу жұмыстары толық бітті. Мен бұған дейін Астананы еліміздің батыс аймақтарымен байланыстыратын мүлде жаңа автокөлік жолын салуды тапсырдым. Қазір бұл бағытта нақты жұмыс жүргізіліп жатыр.

Әрине, кең жолақты жолдар еліміз үшін аса қажет. Дегенмен жергілікті жолдар да назардан тыс қалмайды. Себебі миллиондаған азаматымыз, соның ішінде ауылдағы ағайын үшін автокөлік жолы, шын мәнінде, «өмір жолы» саналады. Сапалы жол болса, жұрт тұрмыс-тіршілігін жақсартып, бизнесін дамыта алады, - деп атап өтті Президент.

Оның айтуынша, былтыр жалпы ұзындығы 13 мың, оның ішінде жергілікті маңызы бар 3 мың шақырым тасжол жөндеуден өтті. Биыл тағы 2300 шақырымға созылатын жергілікті жолдар жаңғыртылады. Алдағы үш жылдың ішінде осындай 32 мың шақырым жол нормативтік талапқа сай жөнделеді.

- Бұл – Қазақстанның құрлық шекарасынан үш есе көп қашықтық. Алайда Үкімет және тиісті мемлекеттік мекемелер жол инфрақұрылымының сапасына ерекше мән беруге тиіс, - деді Президент.

Оқи отырыңыз: Елімізде су инфрақұрылымын дамыту бойынша 220-дан астам жоба іске асырылып жатыр

Новости партнеров