Референдумға дейін:
1
күн
8
сағат
47
минут

Қазақстанда үш жылда 590 мыңға жуық отбасы баспаналы болды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Осы уақыт ішінде елімізде 57 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

 

Соңғы үш жылдың ішінде елімізде 57 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды  Almaty.tv.

- Тұрғын үй құрылысы да тұрақты әрі қарқынды дамып келеді. Соңғы үш жылдың ішінде елімізде 57 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды. Басқа іргелес елдермен салыстырсақ, бұл, расында, жан басына шаққанда ең жоғары құрылыс ауқымы.

Қаладағы 520 мыңнан астам, ал ауылдағы 70 мыңға жуық отбасы баспаналы болды, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, сонымен қатар әлеуметтік инфрақұрылым да дамып жатыр.

- Соңғы жылдары мыңдаған заманауи мектеп және медицина, мәдениет, спорт нысандары салынып, күрделі жөндеуден өтті.

Шын мәнінде, қазіргі таңда еліміз үлкен бір құрылыс алаңына айналды деуге болады. Қай жаққа қарасаңыз да құрылыс, жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Мұны аймақтарға жиі баратын, елімізді жиі аралайтын азаматтар көріп, біліп жүр, - деді Қ. Тоқаев.

Оқи отырыңыз: Алдағы үш жылда Қазақстанда 32 мың шақырым жол жөнделеді

Новости партнеров