Мерекелік бағдарлама барысында танымал өнер жұлдыздары ән шырқады
«Алғыс айтар ұрпақ бар». Алматыда алғыс айту күніне орай ардагер ұстаздардың құрметіне арналған концерт өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv
Кеште саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне сарп еткен мұғалімдерге тағзым етілді. Жиында ұстаздардың қоғам дамуына қосқан үлесі айрықша атап өтілді. Мерекелік бағдарлама барысында танымал өнер жұлдыздары ардагер ұстаздарға ән шырқап, жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Айта кетейік, игі іс-шара қалалық Білім басқармасының мұрындық болуымен өтті.
«Ардагер ұстаздарымызға арнап мерекелік кеш өткізіп жатырмыз. «Алғыс айтар ұрпағың бар» деген тақырыпты таңдадық. Алматы қаласының, республикамыздың білім беру жүйесіне жылдар бойы үлес қосқан майталман, ардагер ұстаздарымызды шақырып, сол кісілерге құрмет-қошемет көрсетілуде», – деді Білім басқармасы басшысының орынбасары Сәкен Аралбаев.
Оқи отырыңыз: Сабақ үстінде оқушыға қырыңдаған мұғалім мәселені шешу үшін ақша ұсынған