Асхат Аймағамбетов TALIS-2024 халықаралық зерттеуінің нәтижесі туралы жазба жариялады
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жүргізген TALIS-2024 халықаралық зерттеуінің нәтижесі туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Үкіметтің баспасөз қызметі Қазақстаннан 7 мыңнан астам педагог және 369 мектеп директоры қатысқан TALIS-2024 халықаралық зерттеуінің елге қатысты нәтижелерін жариялаған. Мұнда қазақстандық мұғалімдердің жүктемесі 2018 жылмен салыстырғанда аптасына 14 сағатқа қысқарғаны айтылған. Үкімет бұл көрсеткішті білім беру саласындағы ілгерілеу ретінде бағалап отыр.
Мәжіліс депутаты, бұрынғы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов те осы ақпаратқа байланысты жазба жариялады.
Ол өз жазбасында елімізде Педагог мәртебесі туралы заң қабылданған кезде сала басшысы болғанын еске салады.
"Сол кезде біз айтқанбыз: бұл заңның әсері бірден байқалмайды, оған уақыт қажет. Енді міне, сол уақыт келді- заң өз тиімділігін дәлелдеді. Алдағы жылдары бұл әсер одан да айқын болады деп сенемін", - деп жазды Асхат Аймағамбетов.
Оның айтуынша, «TALIS 2024» зерттеуі 2018 жылмен салыстырғанда мынандай маңызды көрсеткіштерді анықтаған:
Депутаттың айтуынша, "педагог мәртебесі туралы" заңды әзірлегенде TALIS 2018 деректерге де сүйенген. Ал TALIS 2024 бағыттың дұрысекенін көрсетіп отыр.
Оқи отырыңыз: Қазақстан білім жүйесінде ілгеріледі: Халықаралық бағалау нәтижелері жарияланды