Қыста еттің күнделікті нормасы көбейтілді
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен бірлесіп, «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватында жолбарыстар алғаш қыстап жатқанын мәдімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жануарлар дәрігерінің карантинінен кейін жолбарыстарға үлкен вольерлер ашылды, олардың әрқайсысының ауданы 0,5 гектардан астам.
Бұл кешен жыртқыштардың барлық қажеттіліктерін ескере отырып мұқият жобаланған, олардың еркін қозғалуына және табиғи инстинкттерін көрсетуге мүмкіндік береді. Кең орта олардың жаңа мекенжайға бейімделуіне ықпал етеді. Жолбарыстар тіпті өздерінің «тамақтану» аймағында қарға мен торғайларға аңшылық жасауда.
Қыстың басынан бастап еттің күнделікті нормасы көбейтілді, бірақ вольерде ұсталған жыртқыштарға аптасына бір күн «аштық» сақталды, бұл жыртқыштарға тән тәртіп.
«Біз Іле-Балқаш табиғи резерватында жолбарыстардың алғашқы қысын қалай өткеріп жатқаны туралы сирек түсірілген бейнемазмұнды жариялап отырмыз. Бұл табиғи ортаға бейімделіп, Қазақстанда алғаш рет қыстап жатқан жыртқыштардың өміріне үңілуге тамаша мүмкіндік»,-делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Алматыда 30 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында ауа райы қандай болады