Алкоголь жұмыс уақыты шектеулі арнайы дүкендерде ғана сатылуы мүмкін

Thomas Picauly/unsplash.com/
Thomas Picauly/unsplash.com/

Елімізде 402 елдімекен тұрғындары алкогольден бас тартты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ішкі істер министрлігі алкоголь өнімдерін сатуға бақылауды күшейтуді ұсынып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Қоғамдық орындарда алкоголь ішуге қатысты 107 мың құқықбұзудың жолы кесілді. 11 мың адамға алкоголь қолдануға тыйым салынды. Қоғамда ішімдікке төзбеу жағдайын қалыптастыруға жұртшылық тартылып жатыр. Бүгінде 402 елдімекен тұрғындары алкогольден бас тартты", – деді Ержан Саденов комиссия отырысында.

Сондай-ақ маскүнемдік мәселесін шешу кешенді тәсілі қажеттігі айтылды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, биыл полиция алкоголь айналымы саласында 7 мыңға жуық заңбұзушылықтың жолын кесті. Кәсіпкерлік субъектілеріне 370 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, 2 252 мекеме лицензиясынан айырылды.

"Алайда кейбір кәсіпкерлер лицензияны басқа тұлғалардың атына рәсімдеп немесе басқа мекеменің атын жамылып, тәулік бойы алкоголь сатуды жалғастырып жатыр, – делінген хабарламада.

Осы орайда комиссия отырысында бірқатар ұсыныс айтылды:

  • лицензия беруге қойылатын талаптарды күшейту;
  • алкоголь өнімдерін тек жұмыс уақыты шектеулі арнайы дүкендерде сатуды қарастыру.

Оқи отырыңыз: Балақайлар мектебі: бірінші сыныпқа баратын 90 мыңға жуық бала даярлық курстарынан өтеді

Новости партнеров