Алла егіз нәсіп етсін: Ерке Есмахан ұлын қырқынан шығарды

жеке парақшасынан алынды
жеке парақшасынан алынды

Рәсімге сәбидің есімі жазылған күміс ыдыстар әзірленген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әнші Ерке Есмахан ұлын қырқынан шығарды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Рәсімге арнайы ұлттық нақыштағы көк, ақ және алтын-күрең түсті жастықтар мен көрпелер дайындалған. Сондай-ақ сәбидің есімі жазылған күміс ыдыстар әзірленген.

«Батыр баламызды екі әжесі қырқынан шығарып, бесікке салды. Әулеттің үлкендерінің берген батасы қабыл болсын! Батырым атына заты сай, иманжүзді жігіт болып өссін! Өзім қандай аппақпын, жүрегім де дәл сондай. Сондықтан ақ тілегімді қабыл алыңыздар. Сәби күткен отбасыларға Алла егіз нәсіп етсін. Шаңырақтарыңызда тек бақыт, шаттық, қуаныш болсын! Бар болыңыздар, бай болыңыздар!» – деп жазды Ерке әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оқи отырыңыз: Димаш Құдайберген Мехикода жеке концертін өткізеді

Новости партнеров