Алматы - Бішкек автожолында жол-көлік оқиғасынан 4 адам көз жұмды

Lucian Alexe/unsplash.com/
Lucian Alexe/unsplash.com/

Қайғылы оқиға 28 мамыр сағат 18:00 шамасында болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Полиция жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 28 мамыр сағат 18:00 шамасында Алматы - Бішкек автожолының 44 шақырымында болған.

"Түркістан облысының 39 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан КамАЗ маркалы жүк көлігінің тіркемесі жолда ажырап кеткен. Ажырап кеткен тіркеме қарсы қозғалыс жолағына шығып, Geely көлігімен, одан кейін KIA Sportage көлігімен соқтығысқан. Оқиға орнында төрт адам қаза тапты, оның ішінде Geely жүргізушісі де бар. Қазір жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталады", - деп хабарлады департаменттен.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі қаланың инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту барысымен танысты

 

Новости партнеров