Алматы дәрігерлері ауыр жарақат алған малайзиялық азаматтың өмірін сақтап қалды

Көрнекі фото: Аlmaty.tv
Көрнекі фото: Аlmaty.tv

Марат Алматовтың жетекшілігімен нейрохирургиялық бригада күрделі операция жасады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасына мойнынан ауыр жарақат алған пациент - Малайзия азаматы шұғыл түсті. Диагнозы: тетраплегия. Қабылдау бөлмесінен ол дереу жансақтау бөліміне жіберілді, содан кейін шұғыл операция жасалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Марат Алматовтың жетекшілігімен нейрохирургиялық бригада күрделі операция жасады.

«Оталан кейінгі алғашқы күні пациенттің сезімталдығы қалпына келе бастады, ал оныншы күні ол өздігінен жүре бастады. Осындай жарақаттары бар пациенттердің 95%-ы өмір бойы төсек тартып қалады. Бұл шынымен сәтті жағдай және нейрохирургтардың, реаниматологтардың, анестезиологтардың және барлық медицина қызметкерінің жоғары біліктілігінің нәтижесі болды», - делінген ДСМ хабарламасында.
Алматыға сапар шегіп жүрген Малайзия азаматы Шымбұлақтағы тауларда демалып жүріп, басымен мұзға өте жайсыз құлаған екен.

«Құлағаннан кейін аяқ-қолымды сезбедім, мүлдем сал болып қалдым. Тек әйелімді шақыруға ғана мұршам келді. Жедел жәрдем шақырдық. Мен енді ешқашан тұрмайтын шығармын деп ойладым», - дейді зардап шеккен шетелдік.

Оның айтуынша, ол операцияға дейін мүлдем қозғала алмаған. Бірақ операциядан кейінгі бірінші күннің соңында ол қолын қимылдатып, содан кейін қозғала бастаған.

«Дәрігер Марат Алматовқа ерекше алғысымды білдіргім келеді - ол әрбір маман мұқият, позитивті және білікті керемет команда жинай алған. Соның арқасында емі шипа болды. Қазақстандық медицина көптеген басқа елдерден жоғары - бұл менің пікірім. Сіздердің қолдарыңыз алтын екен. Жаңадан өмір сүруге мүмкіндік бергендеріңіз үшін рахмет айтамын», - деді Малайзия азаматы.

Сауығып кеткеннен кейін пациент Малайзияға оралды. Онда оны жергілікті мамандар зерттеп-қарап, жоғары бағалады.

Оқи отырыңыз: Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған 1 000 теңгелік мерейтойлық банкнота айналымға шығады

Новости партнеров