Алматы декларациясының 35 жылдығына орай халықаралық жиын өтті

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Іс-шараға ғылыми-зерттеу және сарапшылық ұйымдардың өкілдері қатысты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құрудың негізін қалаған тарихи құжатқа қол қойылғанына 35 жыл толуына арналған «Алматы декларациясы: диалог, ынтымақтастық және тату көршіліктің 35 жылы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің үндеуін жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, ТМД-ның, сондай-ақ өңір елдерінің ғылыми-зерттеу және сарапшылық ұйымдарының өкілдері қатысты.

Құттықтау сөздерімен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов және ТМД Бас хатшысының бірінші орынбасары Игорь Петришенко да сөз сөйледі.

Конференция аясында Алма-Ата декларациясының тарихи маңызына, ТМД-ны дамытудың перспективаларына, экономикалық ынтымақтастыққа және Орталық Азиядағы өңірлік өзара іс-қимылға арналған тақырыптық сессиялар өтті.

Қатысушылар Декларацияда бекітілген егемендік теңдігі, аумақтық тұтастық, өзара құрмет, тату көршілік және келіспеушіліктерді бейбіт жолмен реттеу қағидаттарының өзектілігін атап өтіп, мемлекеттер арасындағы сенім мен сындарлы диалогты нығайтудың маңыздылығына назар аударды.

Оқи отырыңыз: Құқықтық тәртіп: Алматыда полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті