Алматы қалалық білім басқармасының басшысы балалар колониясына барды

07.01.2026 12:12

Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және олардың қоғамға қайта бейімделуіне бағытталған жұмысқа ерекше көңіл бөлініп жатыр

polisia.kz

Алматы қалалық білім басқармасының басшысы балалар колониясына барды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Сайран Сайфеденов жаңа жыл қарсаңында пайдалануға берілген балалар колониясының жаңа ғимаратына келді.

Жұмыс барысында ол кәмелетке толмаған сотталғандарды ұстауға арналған мекеме жанында жұмыс істейтін жалпы білім беретін мектеп пен колледждегі білім беру үдерісінің ұйымдастырылу жағдайымен танысты.

Білім басқармасының басшысы Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Ерлан Ұзақовпен кездесіп, сотталғандардың білім алу құқығын қамтамасыз ету, сондай-ақ қосымша білім беру бағдарламаларын кеңейту және үйірмелердің жұмысын ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Жаңа мекемеде кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және олардың қоғамға қайта бейімделуіне бағытталған білім беру және әлеуметтік жұмысқа ерекше көңіл бөлініп жатыр.

Атап айтқанда, кәмелетке толмаған сотталғандар жалпы білім беретін мектепте білім алумен қатар, колледжде оқып еңбек нарығында сұранысқа ие токарь, дәнекерлеуші, тігінші, шаштараз мамандықтарын да меңгереді.

Оқи отырыңыз: Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш ғарышкері: Талғат Мұсабаевтың 75 жылдығына орай