Алматы қаласындағы тілдік ахуал – 2025: ғылыми монография оқырманға жол тартты

«Мемлекеттік тіл мәселелері» атты конференцияда қазақ тілінің мәртебесін арттыру және қоғамдағы тіл саясатын дамыту жайы талқыланды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Мемлекеттік тіл мәселелері» атты конференция өтті. Жиында қазақ тілінің мәртебесін арттыру және қоғамдағы тіл саясатын дамыту жайы талқыланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, нәтижелері талданды. Сондай-ақ «Алматы қаласындағы тілдік ахуал – 2025» ғылыми монографиясы оқырманға жол тартты. Кітап лингвисттер мен этнографтарға, саясаттанушыларға, студенттер мен магистранттарға, жоғары оқу орны оқытушыларына арналған. Зерттеу еңбегінен бөлек, жыл басында мамандар балалардың тілін дамытуға арналған «Сәбилерді сөйлетейік» бейнероликтер байқауын ұйымдастырған. Бүгін конкурс жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар табысталып, алғыс хат берілді.

«Сонымен қатар жылдың басында қазақ тілін оқыту деңгейін жетілдіру бағытында «үздік оқытушы» деген байқау жариялағанбыз. Ол байқауға қазақ тілін оқытатын мамандар озық әдістемелерін ұсынады. Жүлдегерлерді марапаттаймыз», – деді Алматы қаласы әкімі аппараты Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Бақыт Қалымбет.

Оқи отырыңыз: Тұтынушы құқығы: 700-ге жуық кәсіпкерге айыппұл салынды

Новости партнеров