Бұл туралы тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Болат Таңабергенов мәлімдеді
Биыл тұтынушылардың құқығын бұзған жеті жүзге тарта кәсіпкерге 23 миллион теңге айыппұл салынған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ал төрт жүзге жуық кәсіп иесі ескертумен құтылған. Бұл туралы тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Болат Таңабергенов мәлімдеді. Оның сөзінше, биыл 68 мыңға жуық өтініш түсіпті. Құқық қорғаушылар азаматтарға 2 миллиард теңгеден астам қаржысын қайтарып берген. Халық көбіне бөлшек сауда, электрондық сауда, тұрмыстық қызметтер сияқты салаларға шағым түсірген.
«Мысалы, 51 автокөлік тұтынушысының 810 миллион теңгеге оларға тиісті емес тауарды сату бойынша құқықтары қорғалды. Үлескерлер мен үй сатып алушылардың 258 миллион теңгеге, сондай-ақ ағымдағы жылы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы сегментінде 31 миллион теңге сомасына 101 тұтынушы қорғауға қатысты. 9 резонанстық іс қорғалды», – деді ҚР СИМ Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Болат Таңабергенов.
Оқи отырыңыз: Тауардың бағасындағы айырмашылық: жарнама мен дүкендегі заттың құны екі түрлі болса, не істеу керек