Алматы халықаралық әуежайында мейрамхана ашылды

28.07.2026 14:08

Алматы халықаралық әуежайы жолаушылар инфрақұрылымын дамытып жатыр

Almaty.tv

27 шілде күні  Алматы халықаралық әуежайының ішкі терминалының ұшу аймағында Brewmark мейрамханасы ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv
Brewmark – жолаушыларға ұшар алдында аз уақытқа серпіліп, жайлы атмосферада уақыт өткізіп, сапалы тағамдар мен сусындардан дәм татуға мүмкіндік беретін заманауи кеңістік.

Мейрамхананың жалпы аумағы 184 шаршы метр, 54 отырғызу орнына есептелген. Қонақтардың ыңғайлылығы үшін тапсырысты жылдам рәсімдеуге және күту уақытын қысқартуға мүмкіндік беретін өз-өзіне қызмет көрсету аймағы бар. Алматы халықаралық әуежайы жолаушыларға қолайлы әрі заманауи орта қалыптастыру мақсатында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырып, әуежай инфрақұрылымын жетілдіруде.

Оқи отырыңыз: Ground Handling Village – Алматы халықаралық әуежайын жаңғыртудың кезекті кезеңі