Алматылықтарға жер сілкінісі туралы ескерту жасалды
Алматыдан 9 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлағандай, ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 21 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 16 сағат 25 мин жер сілкінісі тіркелді.
Дегенмен жер сілкінісі сезілмеген.
"Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 9 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ", - делінген хабарламада.
Айта кетсек, 21 қыркүйекте сағат 16:25 шамасында Алматы тұрғындарының ұялы телефондарына ықтимал жер сілкінісі туралы ескерту хабарламасы келді.
"Ұлттық ескерту! Назар аударыңыз! Жер сілкінісі! Қауіпсіз жерге жасырылыңыздар. Толқындар басылғаннан кейін ғимараттан шығып, қауіпсіз қашықтыққа эвакуациялаңыздар! Уәкілетті органдардың нұсқауларын мұқият қадағалаңыздар. Қосымша ақпарат Алматы қаласының ТЖД мен әкімдіктің сайттары мен әлеуметтік желілерінде жарияланады, - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Мыңжылдық тарихы бар Алматы жайлы қызықты деректер