Алматы мектептеріндегі білім сапасын арттыру мақсатында жаңа серіктестік орнатылды

19.08.2026 15:11

Жаңа серіктестік жоғары және орта білім беру жүйелері арасындағы байланысты күшейтеді

Алматыда педагог кадрларын даярлау және тарту бағытында жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық нығаяды. Бүгін олар өзара меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Серіктестік студенттердің практикалық даярлығын жетілдіруге және түлектерді қаланың мемлекеттік білім беру ұйымдарына жұмысқа тартуға бағытталған.

«Алматы қаласының және басқада өңірлерден келген үздік жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандар тәрбилеп отырған, басын қосып, өзара ынтымақтастық орнатып, өзара меморондум жасап жатырмыз. Ондағы мақсатымыз  – біріншіден, кезекте қала көлеміндегі кадр тапшылығын жою.  Екіншіден,  сапалық құрамын жақсарту», – деді Білім басқармасының басшысы Сәкен Аралбаев.

Жаңа серіктестік жоғары және орта білім беру жүйелері арасындағы байланысты күшейтеді. Яғни педагогтер жоғары оқу орындарымен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады. Бұл білім сапасын нығайтатыны анық. Бұдан бөлек, ынтымақтастық балалар үшін де маңызды. Олар осы арқылы болашақта қажетті мамандықтарды таңдайтын болады.

«Жобамыздың аясында мектеп оқушылары алдын ала  мамандығын дұрыс таңдауға және өзінің бейінін анықтауға, келешекте ғылыммен айналысуына, жолын табуына үлкен септігін тигізетіні анық», – деді  Қазақ ұлттық қыздар Педагогикалық университетінің басқарма төрағасы - ректоры Бейбіткүл Кәрімова.

Оқи отырыңыз: Елімізде халықаралық олимпиадаларда орын алған оқушыларға қанша сыйақы беріледі

Толық көрсету