Бұл өнер түрі ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енген
Алматы музейінде Мажарстан мәдениетінің жауһарларын танытатын көрме ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Онда алғаш рет мадьяр халқының әлемге әйгілі Матьо кестелеу өнерінің туындылары қойылды. Бұл өнер түрі ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енген. Көрмеде 100-ден астам бірегей жәдігер ұсынылды. Олардың барлығы Мажарстанның Мезёкёвешд қаласындағы Матьо музейінен және жекелеген коллекционерлердің қорынан әкелінген. Экспозицияда кестеленген маталар, дәстүрлі киімдер, тұрмыстық бұйымдар және архивтік фотосуреттер бар.
"Былтыр Алматы қаласы музейлер бірлестігімен, жаңағы Мажарстан музейінің арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылған. Меморандумның негізінде былтыр Мажарстанда көрмемізді өткізсек, биыл Мажарстан музейі Алматы қаласына көрмесін алып келіп отыр", – деді Алматы музейлер бірлестігінің директоры Ләззат Сағындықова.
Оқи отырыңыз: Бабалар тілі - музейлер үні: Алматы облысында фестиваль өтті