Алматы облысында алма бақтар гүлдеді

Алматы облысы әкімдігнің баспасөз қызметі
Алматы облысы әкімдігнің баспасөз қызметі

Өңір бойынша 7 мың гектар аумақта алма өсіріледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алманың отаны саналатын Алатау баурайында алма бақтар гүлдеп, көздің жауын алатын әдемі көрініс тұрғындардың да туристердің де назарын ударуда. Осынау сұлулықты тамашалау үшін арнайы келетін адамдар саны да жыл сайын артып келеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алматы облысында алма өсіру және одан түрлі өнім шығару ісі жүйелі жолға қойылған. Жеміс ағашын күтіп-баптау машақаты көп жұмыс. Соған қарамастан, өңірде алма бақтарының аумағы мен өнім көлемі жыл өткен сайын ұлғайып келеді. Бүгінде өңір бойынша 7 мың гектар аумақта алма өсіріледі. Оның 2,2 мыңы – интенсивті бақтар. Қазіргі таңда

Өңірдің климаттық ерекшелігіне орай алма ағашының сұрыптары да арнайы таңдалған. Сондай-ақ жоғары технологиялы аграрлық әдістер кеңінен қолданылады. Автоматтандырылған тамшылатып суару жүйесі іске қосылған. Бұл технология ерте өнім алуға, топырақ эрозиясының алдын алуға, өсімдік аурулары мен арамшөптердің таралу қаупін азайтуға, сондай-ақ тыңайтқыштар мен минералдарды әр көшеттің тамырына дәл жеткізуге мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз:  Қазақстан паспорты әлемдік рейтингте көтерілді

Новости партнеров