Нысандар заманауи жабдықтармен толық қамтылған
Бүгін Алматы облысында екі дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанаты өтті және тұрғындарға 132 жаңа пәтердің кілті табысталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Медициналық орталықтар Іле ауданында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынған. Оның бірі Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты Көкқайнар ауылында болса, екіншісі «Береке» саяжай-кооперативінде орналасқан. Ауыл тұрғындарына қолжетімді әрі сапалы медициналық қызмет көрсетіледі. Нысандар заманауи жабдықтармен толық қамтылған.
Баспана кілттері Іле ауданы мен Қонаев қаласында әлеуметтік осал топтағы азаматтарға жалға берілді. Кейін оны өз атына аударуға да мүмкіндік бар. Халықтың әл-ауқатын жақсарту, баспанамен қамту, тұрғындар игілігіне қызмет ететін нысандар салу жұмысы кезең-кезеңімен жалғасын табады.
Оқи отырыңыз: Алатау қаласында жаңа қоғамдық көлік маршруттары іске қосылды