Өрттің шығу себебі анықталып жатыр
Өткен түні Талғар ауданының Жаңалық ауылында бір қабатты екі дүкеннен өрт шықты. Оның бірі - азық-түлік дүкені, екіншісі - жылыту қазандықтарын сататын дүкен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде екі ғимараттың шатыры ашық жалынмен жанып жатқан. Өрт жедел сөндірілді. Өрттің жалпы ауданы 256 шаршы метрді құрады.
ТЖМ қызметкерлері көлемі 25 литр болатын газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды, сондай-ақ материалдық құндылықтарды сақтап қалды.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.