Алматы облысында екі жаңа автобус бағыты ашылды

07.04.2026 15:36

Биыл 31 жаңа автобус сатып алынады деп жоспарланған

Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы облысында көлік инфрақұрылымын дамыту және жолаушылар тасымалының сапасын арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Мемлекеттік бағдарлама аясында қоғамдық көліктерді кезең-кезеңімен жаңарту, бағытын кеңейту бойынша да нақты жұмыстар атқарылуда, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елдімекендердің қоғамдық көлікке қолжетімділігін арттыру және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту шаралары басты назарда. Мысалы, Алатау қаласы мен Ұйғыр ауданында екі жаңа автобус бағыты ашылды. Соның арқасында халықтың жүріп-тұруы жеңілдеп, өзге маршруттардың жүктемесі азайды. Сонымен қатар екі жаңа маршрутты іске қосты.

Қоғамдық көлікті жаңартуға да ерекше көңіл бөлінуде. Бұл тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету, автопарктің техникалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді. Жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Биыл 31 жаңа автобус сатып алынады деп жоспарланған. Қазіргі таңда оның 9-ы Талғар ауданында іске қосылған. 5 бірлік Yutong және 4 бірлік Isuzu жаңа автобустары халық игілігіне қызмет етуде.

Бұл бағыттағы жұмыстар жоспарға сай жалғасын табады.

Оқи отырыңыз: Қазақстан көмір қоры бойынша әлемдегі жетекші 10 елдің қатарына кіреді