Жантүршігерлік бейнежазба әлеуметтік желіде тарады
Алматы облысында ер адам әйелін үйде аяусыз ұрып-соққан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Желідегі мәліметке сәйкес, оқиға Шелек ауылында болған. Жантүршігерлік бейнежазба әлеуметтік желіде тарады.
Алматы облысының полиция департаменті ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде болған оқиғаның мән-жайларын объективті және жан-жақты анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі. Аталған жұмыстардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады", — деп хабарлады департаменттен.
Оқи отырыңыз: БҚО-да 5 100 қыз бала жатыр мойны обырына қарсы егілді