1990 жылы туған Тасқұлов Абдусалам 14 қазанда жоғалып кеткен
Алматы облысында қазанның ортасында жоғалған жігіт өлі табылды. Бұл туралы Lider.kz Instagram-парақшасында бегілі болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Еріктілердің мәліметінше, 1990 жылы туған Тасқұлов Абдусалам Абдурахманұлы 14 қазанда жоғалып кеткен. Шамамен 22:30-де Қарасай ауданындағы "Асыл Арман" шағынауданынан шығып, қайта оралмаған.
Жоғалған ер адам 30 қазанда табылды, денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ.
Қайғылы жағдайдың өзге мән-жайы нақтыланған жоқ.
Оқи отырыңыз: Мас күйде көлік жүргізген: Астанада судья ұсталды