Алматы облысында медициналық мекемелерге 70 жедел жәрдем көлігі табысталды

18.06.2026 19:12

Атаулы күн аясында денсаулық сақтау саласының үздік мамандарына құрмет көрсетілді

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы облысында медицина қызметкерлері күні мерекеленді. Іле ауданында өткен салтанатты іс-шарада облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев аймақтағы медициналық мекемелерге 70 санитарлық жедел жәрдем көлігін табыстап, өңірдің денсаулық сақтау саласының дамуына елеулі үлес қосқан мамандарды марапаттады, деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Алматы облысында денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуға «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өткен жылы жалпы құны 8,3 млрд теңгені құрайтын 38 медициналық нысан пайдалануға берілген. Оның ішінде 15 дәрігерлік амбулатория, 12 фельдшерлік-акушерлік пункт және 11 медициналық пункт бар. Сонымен қоса медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға 6 млрд теңгеден астам қаражат бөлініп, 347 бірлік заманауи медициналық техника сатып алынған. Соның нәтижесінде өңірдегі медициналық ұйымдардың жабдықталуы 93 пайызға жеткен.

«Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің нәтижесінде өңірдің денсаулық сақтау саласы нақты нәтижелерге қол жеткізді. Халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы 2022 жылғы 73 жастан 75 жасқа дейін ұлғайды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша нәресте шетінеуі 25,5%-ке төмендеді. Бұл көрсеткіштердің барлығы өздеріңіздің кәсіби шеберліктеріңіз бен адал еңбектеріңіздің нәтижесі. Сіздерге халық денсаулығын сақтау жолындағы қажырлы еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін», – деді Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Атаулы күн аясында денсаулық сақтау саласының үздік мамандарына құрмет көрсетілді.  Жедел-жәрдем стансасына берілген сі жаңа көліктер лизинг шартымен сатып алынған. Оның отызы “С” санатындағы реанимобиль, ал қырық көлік “В”санатына жатады. Барлығы заманауи медициналық жабдықтармен толық қамтамасыз етілген және шұғыл көмек көрсетуге бейімделген. Осылайша, биыл Алматы облысының жедел медициналық жәрдем қызметі үшін сатып алынған 90 санитариялық автокөліктің барлығы пайдалануға берілді. Оның 20-сы жыл басында медициналық ұйымдарға тапсырылған.

Оқи отырыңыз: Астана медицина университетіне Төрегелді Шармановтың есімі беріледі