Алматы облысында оқушы сыныптасын өлтірді деген күдікке ілінді

24.05.2025 16:57

Қайтыс болған жасөспірім 11-сыныпта оқыған

Көрнекі фото: Аlmaty.tv

Алматы облысында оқушы өз сыныптасын өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.

Әлеуметтік желідегі мәліметке сәйкес, қайтыс болған жасөспірім 11-сыныпта оқыған.

Алматы облысының Полиция департаменті адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Полиция мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған, ол – жәбірленушінің сыныптасы.

- Жасөспірімнің заңды өкілдері бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа, полиция құзыреті шеңберінде шаралар қабылдау үшін білім басқармасына тиісті ұсыныс енгізді. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады департаменттен.

Оқи отырыңыз: Алматы полициясы түлектер мен олардың ата-аналарына үндеу жасады