Алматы облысында шекара заставасындағы өрттен әке мен бала қаза тапты

06.12.2025 16:12

Қайғылы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

Аlmaty.tv

Алматы облысындағы «Нарынқол» шекара заставасының аумағындағы қызметтік тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.

Оқиға орнына жеткен облыстық төтенше жағдайлар департаменті күштері өртті толық сөндірді. Төтенше жағдайдан әскери қызметші мен оның баласы көз жұмды.

Қайғылы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

– Шекара қызметі қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғыға ортақтасып көңіл білдіреді. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр, - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа тәсілі туралы ескертті