Алматы облысында сирек кездесетін жыртқыш камераға түсіп қалды

06.10.2025 15:20

Әдетте тек фототұзақ арқылы тіркелетін сілеусін бұл жолы небәрі 5–10 метр қашықтықтан кездесті

ile_alatau_nationalpark/ стоп кадр

Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында сирек кездесетін жыртқыш Түркістан сілеусіні (Lynx lynx isabellinus) кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ақсай филиалының инспекторлары жүргізген рейд барысында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жануар кадрларға түсіп қалды.

"Әдетте тек фототұзақ арқылы тіркелетін сілеусін бұл жолы небәрі 5–10 метр қашықтықтан кездесті. Бұл ұлттық парк аумағындағы биоалуантүрліліктің сақталуын және табиғатты қорғау шараларының тиімділігін айқын көрсетеді", - деліеген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Алматыда көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына бақылау күшейтіледі