Алматы облысында тауға шыққан екі жасөспірім адасып кеткен

27.10.2024 11:10

Олар "Панорама" шыңындағы құтқару лашығынан табылды

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары жас туристерді таудан түсірді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлағандай, Алматы облысында 17 жастағы екі жасөспірім биіктігі 3050 метр болатын Фурманов шыңына көтеріліп, адасып қалған. Ол ұялы телефон арқылы 112 нөміріне қоңырау шалып көмек сұрады.

"Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы Алматы қаласының құтқару қызметімен бірлесіп "Панорама" шыңында құтқару лашығынан табылды", - делінген хабарламада.

Жас туристерді қауіпсіз жерге түсіріп, құтқарушылар оларды ата-аналарына тапсырды.

Оқи отырыңыз: Петропавлда дәрігерлер ішегі түсіп кеткен зейнеткерге ота жасады