Алматы облысында тікұшақ құлаған аумақтан тағы бір адамның денесі табылды

10.08.2025 15:51

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті

ҚР Қорғаныс министрлігі

Алматы облысында EC-145 тікұшағы құлаған аймақта іздестіру-құтқару іс-шараларының жалғасуы барысында екінші адамның денесі табылып, судан шығарылды, деп хабарлайды  Аlmaty.tv.

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Қазіргі уақытта құзыретті органдардың қатысуымен анықтау рәсімі жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, іздеу жұмыстары Қорғаныс министрлігінің, ТЖМ, ІІМ және басқа да ведомстволардың барлық қажетті күш-құралдарын жұмылдыра отырып, тәулік бойы іске асырылып жатыр.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында жоғалып кеткен тікұшақтың сынықтары мен бір адамның мәйіті табылды