Алматы облысында туристік автобус шатқалға құлап кетті

26.04.2026 12:36

Бұл дерек бойынша тексеру жүргізілді

Видеодан кадр

Алматы облысындағы "Көлсай көлдері" ұлттық паркінде туристік микроавтобус беткейден сырғып, тереңдігі 150 метрге жуық шатқалға құлап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы облысының полициясы департамент қызметкерлері бұл дерек бойынша тексеру жүргізгенін мәлімдеді.

"Биылғы 25 сәуірде Көлсай таулы аймағында көлік, алдын ала мәліметтер бойынша, тұрақ аймағынан беткеймен төмен қарай өздігінен сырғып кеткені анықталды.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ", — деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Көлік иесі полицияға арызданудан бас тартқан, ешкімге ешқандай шағымы жоқ екені атап өтілді.

Оқи отырыңыз: Мамыр айындағы мемлекеттік мерекелер мен демалыс күндері