Алматы облысында заңсыз көші-қонды бақылауға жасанды интеллект көмектеседі

Алматы облысының прокуратурасы
Алматы облысының прокуратурасы

Жүйе арқылы 159 мыңнан астам шетел азаматы мен 30 мыңнан астам әкімшілік материал зерделенген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында көші-қон заңнамасының сақталуына арналған Үйлестіру кеңесінің отырысында «Dala-Cloud» ақпараттық-талдамалық жүйесі таныстырылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Облыстық прокуратура әзірлеген бұл жүйе жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау технологиялары арқылы мемлекеттік ақпараттық базалардағы мәліметтерді автоматты түрде саралап, заңбұзушылық тәуекелдерін анықтайды.

Жүйе арқылы 159 мыңнан астам шетел азаматы мен 30 мыңнан астам әкімшілік материал зерделенген.

Соның нәтижесінде 287 әкімшілік құқықбұзушылықты дұрыс сараламау фактісі, жұмыс берушілерге қатысты шара қолданбаудың 61 жағдайы, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланудың 11 дерегі, елден шығару туралы сот шешімдерінің орындалмауының 12 фактісі және өзге де заңбұзушылықтар анықталған.

Жиын қорытындысында Алматы облысының прокуроры Берік Адамов цифрлық технологияларды енгізу көші-қон саласындағы заң бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, олардың алдын алуға мүмкіндік беретінін айтты.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда алғаш рет әскери-инженерлік чемпионат өтіп жатыр