Алматы облысында жоғалған әскери тікұшақтың сынықтары табылды

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Оқиға орнында ТЖМ құтқарушылары жұмыс істеп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Отар елдімекені аумағында байланыс үзілген ҚР Әуе қорғаныс күштерінің тікұшағына қатысты оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша іздестіру-құтқару жұмыстарын тәулік бойы жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлағандай, ҚР ТЖМ құтқарушылары әуе кемесінің фрагменттерін анықтады.

«Төтенше жағдайлар министрлігінің Командалық орталығында жүргізілген ғарыштық мониторинг барысында Алматы облысындағы Сорбұлақ көлінің акваториясында майлы дақтың болуы мүмкін екені анықталды.

ТЖМ құтқарушылар тобы шұғыл түрде аталған аймаққа шықты. Іздеу жұмыстары түнгі уақытта да жалғасты. Жұмыс барысында Қорғаныс министрлігіне тиесілі болуы мүмкін әуе кемесінің фрагменттері табылды», - делінген министрлік хабарламасында.

Оқиға орнында ТЖМ құтқарушылары жұмыс істеуде. Арнайы жабдықтар: эхолоттар, ұшқышсыз ұшу аппараттары және суасты дрондары пайдаланылып жатыр.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына жеке құрамнан 200-ге жуық адам, 40 бірлік техника, 15 су көлігі, 4 кинологиялық есептоп және 2 ТЖМ әуе кемесі тартылған.

Еске салайық, 25 шілдеде Алматы облысының ТЖД кезекші бөліміне үш экипаж мүшесі бар Қорғаныс министрлігінің тікұшағы Луговой елдімекенінен ұшып шығып, Отар аумағында байланысқа шықпай қалғаны туралы хабар түскен болатын.

Оқи отырыңыз: Алматыда сауда орталығынан шыққан өрт сөндірілді

Новости партнеров