Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағы радардан жоғалып кетті
Almaty.tv
Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтармен бөлісіңіз
25 шілдеде Алматы облысының ТЖД кезекші бөліміне үш экипаж мүшесі бар Қорғаныс министрлігінің тікұшағы Луговой елдімекенінен ұшып шығып, Отар аумағында байланысқа шықпай қалғаны туралы хабар түсті, деп хабарлайды Almaty.tv
Оқиға орнына дереу ҚР ТЖМ-нің күштері мен құралдары, соның ішінде "Қазавиақұтқарудың" 2 тікұшағы жұмылдырылды.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ бөлімшелері, Апаттар медицинасы орталығы, Республикалық жедел-құтқару жасағы мен ТЖМ авиациясы жұмылдырылды.
Барлығы 100-ден астам адам мен 15-ке жуық бірлік техника, оның ішінде авиация мен ұшқышсыз ұшу аппараттары тартылды.
Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.
ОҚи отырыңыз: Жедел жәрдем көлігі аударылды: 2 адам ауруханаға жеткізілді
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
13.10.2026 10:48
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
13.10.2026 08:13
Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады
13.10.2026 09:32
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
13.10.2026 13:10
Елде 4 мың шақырымнан астам автожол жөнделіп жатыр
13.10.2026 09:16