Алматы облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты
Сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүріп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Полиция Алматы – Көкпек – Көктал – Шонжы автожолының 80-шақырымында болған жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 2025 жылғы 5 желтоқсанда болған.
Audi A6 автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып, Nissan Cefiro көлігімен соқтығысқан.
"Жол апатынан екі жүргізуші және екі жолаушы оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды. Тағы үш жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді", - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүріп жатыр.
Оқи отырыңыз: Қытайға теміржол экспорты 11 пайызға өсті
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
28.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
27.10.2026 09:40
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
28.10.2026 11:06