Алматы облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты

25.11.2025 14:12

Істі Алматы облысының Полиция департаменті бақылауға алды

Almaty.tv

Алматы облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға кеше кешкісін Алматы – Бішкек тас жолының 65-шақырымында болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Audi маркалы темір тұлпар тізгіндеген 23 жастағы азамат рөлге ие бола алмай, Toyota автокөлігіне соғылған. Салдарынан 2 жүргізуші мен 3 жолаушы оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Тағы бір адам ауруханаға жеткізілгенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмапты.

Ал 5 жолаушы түрлі деңгейде жарақат алып, дәрігерлердің бақылауында ем қабылдап жатыр.

Қазір апаттың себебін анықтауға бағытталған кешенді тергеу басталды. Істі Алматы облысының Полиция департаменті бақылауға алды.

Оқи отырыңыз: Алматыда полицейлер 9 келі гашиш тәркіледі: екі күдікті ұсталды