Алматы облысының құтқарушылары өртті сөндірді

04.11.2024 08:41

Өрттің себебі анықталып жатыр

ТЖМ

Алматы облысының Қарасай ауданының Көкөзек ауылында жиһаз цехына жабдықталған бір қабатты жеке тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері 416 шаршы метр алаңды шарпыған өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Сондай-ақ бүгін түнде Жетісу облысының Текелі қаласында жеке тұрғын үйдің аумағында 21 шаршы метр алаңда монша мен ас үй жанған. Өртті сөндіру барысында ТЖМ күштері 2 газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз: Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы қола жүлде алды