Алматы облысының прокуратурасы Талғардағы 16 жастағы баланың өліміне қатысты мәлімдеме жасады

Марқұмның әкесі әлеуметтік желі арқылы еліміздің Бас прокурорына үндеу жасаған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысының прокуратурасы Талғардағы кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құзырлы орган өкілдері іс қатаң бақылауға алынып, қылмысқа қатысы бар азаматтар жауапкершілікке тартылады деп сендірді. Rүдікті деп танылған 7 азамат қамауға алынған.

Есте болса, 4 қазанға қараған түні Талғарда төбелес болып, салдарынан 16 жастағы бала пышақ жарақатынан көз жұмған.

Айта кетейік, кеше марқұмның әкесі әлеуметтік желі арқылы еліміздің Бас прокурорына «жергілікті құқық қорғау органдары тергеуде заң бұзып отыр» үндеу жасаған.

"Біз мән-жайды анықтап, кінәлілердің бәрін жауапқа тартатындай объективті тергеу жүргіземіз. Осы қылмысқа қатысы бар адамдарды жауапкершіліктен босататындай «бармақ басты, көз қысты» әрекет болмайтынына кепілдік береміз. Тергеуге көмектесетін ақпарат білсеңіз, прокуратураға немесе ішкі істер органдарына хабарлауларыңызды өтінеміз", – деді облыстық прокурордың көмекшісі Аида Иманәлиева.

Оқи отырыңыз: ҚР ІІМ Талғар ауданында жасөспірімді өлтіру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі бақылауына алды

 

 

Новости партнеров