Күзде қандай аурулар жиі асқынады

Мира Байбек
Depositphotos.com
Depositphotos.com

Дәрігер аурудың алдын алу үшін физикалық белсенділікті сақтап, дұрыс тамақтануға шақырады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Күз мезгілінде көптеген созылмалы ауру жиі асқына бастайды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Дәрігерлердің айтуынша, ең алдымен тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) өршиді.

«Бұған күннің қысқаруынан болатын D дәрумені тапшылығы, иммунитеттің әлсіреуі, жауын-шашын мен температураның құбылуы әсер етеді. Мұндай жағдайлар бронхиалды астма ұстамасын да қоздыруы мүмкін. Сонымен қатар күзде күйзеліс, түңілу мен шаршау сезімі басым болады», - дейді сарапшы дәрігер Екатерина Кашух.

Дәрігер аурудың алдын алу үшін физикалық белсенділікті сақтап, дұрыс тамақтануға, жеткілікті су ішуге және адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болуға кеңес береді.

Сондай-ақ инфекционист дәрігерлердің айтуынша, күз бен қыс айларында риновирус пен РСВ (респираторлы-синцитиалды вирус) жиілейді. Олар жеңіл түрде өтетін жөтел мен тұмауды тудырғанымен, кішкентай балалар мен қарттарға қауіпті болуы мүмкін.

Сондай-ақ осы мезгілде тұмау, COVID-19 және парагрипп те жиі кездеседі. Парагрипп көбіне балалар арасында таралып, тыныс жолының тарылуын тудырады.

Дереккөз: radio1.ru

Оқи отырыңыз: Дәрігер ішек микрофлорасына пайдалы тағамдарды атады

Новости партнеров