Алматы облысының Талғар ауданына жаңа прокурор тағайындалды
Almaty.tv
Талғардағы 16 жастағы Шерзат Болаттың қазасынан кейін облыс пен ауданда біршама шенді орнын босатқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы облысының Талғар ауданына жаңа прокурор тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қызметке келген Ерлан Тағаев бұған дейін Абай облысы Курчатов қаласындағы түзеу мекемелерінде арнайы прокурор болған. Содан соң Күршім ауданы, Аягөз және Жаңасемейде бірнеше жыл жұмыс атқарыпты.
Еске сала кетейік, Талғардағы 16 жастағы Шерзат Болаттың қазасынан кейін облыс пен ауданда біршама шенді орнын босатқан. Қылмыстық процесс барысында заңдылықты бақылауда жіберген кемшіліктері үшін Ескендір Бекманов аудан прокуроры қызметінен кеткен болатын.
Оқи отырыңыз: Алматы облысында жаңа туған нәрестенің денесі табылды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
08.11.2026 12:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
08.11.2026 09:21
Ішкі үйлесімге көңіл бөліңіз: 7 қарашаға арналған жұлдыз жорамал
07.11.2026 09:55
7 қарашаға арналған валюта бағамы
07.11.2026 09:01
8 қарашаға арналған валюта бағамы
08.11.2026 09:00