Алматы тауларында құтқарушылар шетелдік туристке көмек көрсетті

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Турист қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы тауларындағы Ай алаңы ауданында шетелдік туристке көмек көрсетілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлағандай, 49 жастағы Словакия азаматы тау маршрутымен серуендеу кезінде жамбас сүйегін сындырып алған. Шақыру бойынша құтқарушылар экипажы жедел жұмысқа кіріседі.

«Оқиға орнында зардап шеккен азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, эвакуацияға дайындалып, «Альпийская Роза» туристік кешеніне жеткізілді. Ол жерде ТЖМ апаттар медицинасы орталығының бригадасы оны күтіп тұрған болатын», - делінген хабарламада.

Турист медицина қызметкерлеріне табысталып, қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды.

Айта кетейік, құтқарушылар күрделі тау жағдайында зардап шеккен азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, өз жұмыстарын жедел және кәсіби тұрғыда атқарды.

Оқи отырыңыз: Құшақтап, өзімен бірге жүруге үгіттеген: Құлсарыда балаларға тиіскен ер адам ұсталды

Новости партнеров