Алматы әуежайы ұшу-қону жолағын кезең-кезеңімен жаңғыртып жатыр

26.08.2026 14:06

Бүгінгі таңда жөндеу жұмыстарының 9 кезеңі аяқталды

Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі

Алматы халықаралық әуежайы аэродром инфрақұрылымын жаңғыртудың ұзақ мерзімді бағдарламасы аясында 05R-23L ұшу-қону жолағын кезең-кезеңімен реконструкциялауды жалғастыруда. Жұмыстар ұшу-қону жолағының жоғары пайдалану стандарттарын сақтау, инфрақұрылымның сенімділігін арттыру және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әуежайдың баспасөз қызментінен хабарлағандай, реконструкция кезең-кезеңімен жүргізілуде және тозған асфальт жабыны учаскелерін жаңартуды, күрделі жөндеу жұмыстарын және аэродромның жарық-сигналдық жабдықтарын жаңғыртуды қамтиды. Жобаның негізгі міндеттерінің бірі — ұшу-қону жолағының пайдалану сипаттамаларын CAT III B талаптарына сәйкес сақтау.

Бүгінгі таңда жөндеу жұмыстарының 9 кезеңі аяқталып, 10 700 м² ұшу-қону жолағының жабыны жаңартылды. Сонымен қатар жарық-сигналдық жүйе жаңғыртылуда: 180-нен астам ҰҚЖ жарығын ауыстыру жоспарланған, оның 80-нен астамы жаңартылды.

Екі ұшу-қону жолағының болуы Алматы халықаралық әуежайына жұмыстарды әуежай қызметін тоқтатпай жүргізуге мүмкіндік береді. 05R-23L ҰҚЖ уақытша жабылған кезде әуе кемелерінің ұшуы мен қонуы 05L-23R ҰҚЖ арқылы жүзеге асырылады, бұл әуежайдың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.

Ұшу-қону жолағын кезең-кезеңімен реконструкциялау Алматы халықаралық әуежайының аэродром инфрақұрылымын кешенді жаңғыртудың бір бөлігі болып табылады және қауіпсіздікті, сенімділікті және операциялық тиімділікті одан әрі арттыруға бағытталған.

Оқи отырыңыз: Бірегей ота: Алматыда ауыр жарақаттанған бүлдіршін қайта жүруге мүмкіндік алды

Толық көрсету